Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалған ұлының денесі табылды

cover Фото: Instagram/ @zhazirabegaly_tv

Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалған ұлы өлі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаралы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Журналистің айтуынша, марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. 

«Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жаннатта болсын» деп жазды ол.

Бұған дейін еріктілер Баир Сиқымбаевтың жоғалғаны туралы хабар таратты. Кейін Ұлжан Шәріпбекова «Бармысың, бауырым?» радиохабарына келіп, жоғалған күйеуіне іздеу салды. Сұхбат барысында хабар-ошарсыз кеткен Баир Сиқымбаевтың үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды. Сондықтан Ұлжан Шәріпбекова күйеуі алаяқтардың құрбаны болуы да мүмкін екенін айтқан болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар