Анатолий Балушкин иемденіп алған шипажай мемлекетке қайтарылды

cover Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстанда атақты «Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады.

«Шипажайды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Аталған шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ»,  деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

«Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Бұл жерде әртүрлі аурулар табиғи минералды термалды жер асты радон суларымен емделеді. 

Айта кетейік, шипажай бұған дейін «Бипэк Авто Қазақстан» холдингінің басшысы Анатолий Балушкинге тиесілі болды. 2020 жылы оның үстінен іс қозғалған соң, ол Ресейге қашып кетті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар