«Анасын ұрып-соғып, үйден қуған»: Түркістан облысында ер адам әкесін өлтіруге тырысты

cover Фото: Instagram/ @gulmira_abykai_official

Түркістан облысы Жетісай ауданында қарт ер адам ұлының өлтіруге оқталғанын айтып бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ер адамның айтуынша, ұлы оған қоқан-лоқы көрсетіп, буындырып, қастандық жасауға әрекеттенген. Полиция шақырылған. Келген полицейлер күдіктінің таныстары болғасын нақты шара қолданбаған. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда, әкесін өлтіруге оқталған ер адам анасын соққыға жығып, үйден қуып жіберген.

Жәбірленуші видеоүндеуді журналист Гүлмира Әбіқайға жіберген. Журналист тасбауыр баланың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жариялады. Бұған дейін әкімшілік іс қозғалған екен. 

Айта кетейік, Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар