Amnesty International Навальныйды босатуды талап етті

cover РИА Новости

18 қаңтарға қараған түні халықаралық Amnesty International ұйымы Алексей Навальныйды ар-ұждан тұтқыны деп атап, Мәскеуден оны дереу босатуды талап етті.

«Ресей билігі Навальныйға қарсы жойқын науқан жүргізіп отыр. Олар Берлиннен Мәскеудің «Шереметьево» әуежайына келіп, санаулы минуттан соң ұсталған танымал Кремль сыншысы Алексей Навальныйды тез арада босатуы қажет» деп жазды ұйым Twitter-парақшасында.

«Алексей Навальный саяси белсенділікке деген құқығынан және сөз еркіндігі құқығынан айырылды. Amnesty International оны ар-ұждан тұтқыны деп қарастырады және оны ешқандай шартсыз дереу босатуды талап етеді» делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар