Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
Фото: Midjourney
Алматыда Медеу, Түрксіб, Алатау, Алмалы және Жетісу аудандарындағы бірқатар үй мен жер телімі сүрілетін тізімге енді. Әкімдік сүріліп тасталатын аумақтың орнына нақты не салатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы, 2026 жылға энергетика басқармасы, жол инфрақұрылымымен қатар басқа да уәкілетті органдардан келіп түскен өтінім негізінде мемлекет қажеттілігі үшін 1000-нан астам жер телімін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұның барлығы Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.
«Басқарма мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мемлекеттік қажеттілік үшін алынатын мүліктің нарықтық құнын анықтау – тәуелсіз бағалаушының құзыретіне жатады. Бағалаудың дұрыстығына бағалаушы толық жауап береді. Ал жер телімдері иелерін хабардар ету мәселесіне келсек, бұл рәсім ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 64-бабы 1-тармағымен реттеледі. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін мәжбүрлеп алып қою туралы хабарлама меншік иесіне пошта арқылы, міндетті түрде пошталық жөнелтімнің табысталғаны туралы хабарламаны ала отырып жіберіледі», деп жауап берді Алматы әкімдігі.
Бұл сүрілген аумақтарға көлік инфрақұрылымын жақстарту мақсатында жолдар мен жолайрықтар салынды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар қатарына мектеп, балабақша, аурухана кіреді. Ал энергетика нысандарына кәріз-сорғы станциялары, қосалқы станциялар салынады.
Сүрілетін үй мен тер телімдерін мемлекет пайдасына алу процесі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Еске салсақ, былтыр Алматыдағы «Жібек Жолы» автобазары аумағындағы заңсыз құрылыстар сүрілетіні белгілі болды. Ал сатушылар мен көлік жөндейтін автосервис иелері бұған не дейді? Базарда қанша нысан заңсыз тұр? Әкімшілік пен базар басшылығы қандай келісімге келді? Orda.kz тілшісі «Жібек Жолы» автобазарына барып, сатушылар мен көлік жөндеуші жұмыскерлердің ойын біліп базар басшылығымен тілдесіп көрді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған
- Тоқаев пәкістандық басылымға эксклюзив сұхбат берді
- Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
- Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты
- Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?