Алматылық жас ғалым инсультті ерте анықтаудың жолын тапты
Қазақ ұлттық университетінің зерттеушісі Ажар Тұрсынова жасанды интеллект көмегімен инсультті алдын ала анықтайтын жүйе әзірледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ғалымның айтуынша, инсультті әдеттегі диагностикалау көп уақыт пен қымбат жабдықты қажет етеді. Дәрігерлер медициналық кескіндерді қолмен талдайды, ал белгілер айқын болмаған жағдайда қате кетуі мүмкін.
«Бүгінде инсульт – жаһандық денсаулық сақтау мәселесіне айналған. Оны анықтаудың түрлі әдістері бар, алайда бұл процесс әлі де күрделі және уақытты көп алады… Біздің жасанды интеллектті қолданатын әдісіміз инсультті жылдам әрі дәл диагностикалауға, медициналық кескіндерді нақты талдап, түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл инсультті анықтау кезінде уақытты едәуір үнемдейді», – дейді Ажар Тұрсынова.
Жобаға патент алынған, ал зерттеу нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды. Болашақта Ажар өз әзірлемесін қазақстандық клиникаларға енгізуді жоспарлап отыр, бұл дәрігерлерге пациенттерге жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстанда ерлер арасында инсульттің алдын алу үшін скрининг жүргізу басталғаны хабарланған болатын.
2021 жылы Алматыда №7 клиникалық ауруханада ишемиялық инсультпен ауыратын науқасқа «Церебра» инновациялық бағдарламасын қолданып ота жасалды.
Жаңалықтар
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров