Алматыдан Талғарға дейін: Құсайынов LRT құрылысы туралы айтты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов троллейбус паркін жаңғырту және 2022 жылы мегаполистен Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік салу жобасының іске қосылуы туралы брифингте айтты
Құсайынов атап өткендей, троллейбустар алматылықтар арасында үлкен сұранысқа ие және бүгінгі таңда көліктің бұл түрін жаңарту қажет. Әкім орынбасарының айтуынша, троллейбустар соңғы рет 2012 жылы сатып алынған. Қазір қала бойынша 215 бірлік жұмыс істейді, оның ішінде 34 троллейбусты есептен шығару жоспарлануда.
– Бүгінгі таңда троллейбус паркі жалпы шығарылымы 165 көлікті құрайтын тоғыз бағытқа қызмет көрсетеді. Ай сайынғы жолаушылар ағыны шамамен 2,5 миллион адамды құрайды, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов
Сондай-ақ ол әкімдікте банк несиесі есебінен 190 жаңа троллейбус алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, оны «Алматыэлектротранс» өтейтінін айтты.
Қалада троллейбустардың жүру жолындағы 41 шақырымнан астам қолданыстағы кабельдер ауыстырылды, сондай-ақ 600-ден астам жаңа тіректер орнатылды, 172 шақырым байланыс желісі қайта жаңартылды. Бұл жұмыстар троллейбустардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жүргізілді.
Сондай-ақ Серік Құсайынов 2022 жылы Талғардың тас жолының бойында LRT салу жоспары туралы айтты. Ол қазірдің өзінде әлеуетті инвестор бар екенін, онымен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алмақ
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін