Алматыдағы Сайран көлінің маңын абаттандыру қашан бітеді?

cover Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы Сайран көлі аумағын абаттандыру жұмыстарының басым бөлігін жыл соңына дейін аяқталады.

Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады. 

Әкімнің айтуынша, су қоймасындағы жұмыстардың негізгі бөлігі, солтүстік және оңтүстік жағалаулардағы бөгеттерді нығайту, асфальт пен тас жол төсеу, понтон көпірлеріндегі жұмыстар желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Ал 2025 жылдың көктемінде іргелес аумаққа ағаштар отырғызу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Сайран көлі су қоймасының түбін тазаланған болатын. Әкімшілік бұл жұмыстың соңғы 50 жылда алғаш рет қолға алынғанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар