Алматыда есірткі өсірген 76 жастағы зейнеткер ұсталды

cover

Алматыда 76 жастағы зейнеткер есірткі өсірген. Полиция департаментінің хабары бойынша, зейнеткер оны жалғыз емес, немересімен бірге өсірген.

Бұл туралы  Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Алматының Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің 76 жастағы тұрғыны немересімен бірге «қарасора» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген.

Polisia.kz сайтынан

— Әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана болып шықты, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар