Алматыда Қытайда түрмеде жатқан туысқандарын шығаруды талап етуде

cover

Қытай консулдығының алдында Шыңжаң түрмесінде жатқан туысқандарын шығаруды талап етуде. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ерікті Байболат Күнболатұлы тікелей эфирде көрсетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Жиналған қауым президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сыртқы істер министрлігінен Қытайда орналасқан Шыңжаң қайта тәрбиелеу лагерінен туған-туысқандарын босатуға септігін тигізуін сұрап жатыр.   

«Алматыдағы Қытай консулдығы алдындағы аналар мен аға-бауырлардың өз туыстарына бостандық сұрап жүргеніне бүгін жарты жыл, 190 күн болды. Туыстарымыз келмейінше бұл күрес ешқашан тоқтамайды, барынша күшейтеміз дейді» делінген хабарламада.

Байболат Күнболатұлы тікелей эфирінен кадр

Қалың жұрт өз талабын білдіру кезінде, әкімдік өкілі бұл жиынның заңсыз екенін түсіндіріп және адамдардың тарауын сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар