Алматыда Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші ашылды

cover Фото: inbusiness.kz

Алматыда қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші бой көтерді. Ескерткіштің салтанатты ашылуы саналы ғұмырын балаларды оқытуға арнаған ағартушы, ұстаздың 180 жылдық мерейтойы жылында өтті.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Сағынтаев Алтынсарин мұрасы бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ең қымбат құндылық екенін атап өтті.

Қола мен граниттен жасалған алты метрге жуық ескерткіштің авторлары – Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар