Алматыдағы екі тұрғын үй кешені тұрғындарының наразылығы не шешті
Алматылықтар тұрғын үй кешендеріне жақын бос жатқан жерге саябақ пен ойын алаңдарын салуды талап етті.
Наурыздың 6-сы күні Алматының Бостандық ауданындағы «Комфорт» және «Гагарин саябағы» екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлеріне жақын жерде салынып жатқан 12 қабатты бес үйдің құрылысына қарсы наразылыққа шықты. Олар үйлердің орнына саябақ пен ойын алаңдарын салуды талап етті.
Барлығын ретімен айтсақ
Әңгіме 2016 жылы пайдалануға берілген «Комфорт» тұрғын үй кешені мен құрылысы 2017 жылы аяқталған «Гагарин саябағы» деп аталатын екі тұрғын үй кешенінің орталығында орналасқан бір гектарға жуық жер телімі туралы болып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, оларға үйлерінің жанынан саябақ салып беруге уәде еткен. Бұл шешім бас жоспарға сәйкес келеді. Бірақ бес жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғындар ондай алаңға қол жеткізе алмай отыр.
Өйткені, 2018 жылы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің өкімімен нысанның мақсаты өзгерген: жасыл аймақ көпқабатты үйге ауыстырылған. Шешімнің заңдылығына тұрғындар күмән келтіруде. Жер телімі банктерге кепілге қойылған, ал 2020 жылы банк оны құрылыс салушы «Sensata» компаниясына сатқан. Өткен жылы құрылыс салушы 12 қабатты тұрғын үй кешені құрылысы жобасын әзірлеуге кірісті.
Тұрғындар құрылыс салушының AЖТ (архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы – белгілі бір жер учаскесіне сәулет нысанын орналастыру талаптарының жиынтығы) оңай қол жеткізгеніне наразы. Олар барлық мекемелерге шағымданған, бірақ нәтиже болмаған.
Наразылық немен аяқталды
Наразылыққа 40-қа жуық тұрғын қатысты. Олар өздерімен бірге талаптары жазылған плакаттар мен жасыл аймақ құрылысын қолдауға арналған шарлар ала келген.
Халық жиналған орынға Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов пен аудан әкімшілігінің басқа да қызметкерлері де келді.
— Төрт жылдан бері біз бұл учаскені қайтарып, тұрғындарға ойын алаңдары бар жақсы саябақ салуды сұрап, күресіп келеміз. Біздің ауданда қорқынышты бейберекет құрылыстар жүріп жатыр. Айналаңызға қараңыз – тек қана тұрғын үй кешендері. Мұнда бәрі тығыз орналасқан, көлікпен жүру қиын, көлік тұрағы нашар, - деді бірінші болып сөз алған жиынның бас ұйымдастырушысы Ләйлә Сұлтанғалиева.
Тұрғындардың айтуынша, ауданда мәселе жеткілікті. Мектептер мен балабақшаларда балаларға орын жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшалар жоқтың қасы. Тұрғындар кейбір мектептерде бір сыныпта 40 оқушы бар дейді. Емханалар тұрғын үй кешендерінің барлық тұрғындарын қабылдап үлгермейді.
Аудан әкімі Алтай Рахымбетов тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, бұл мәселені шешуге уәде берді.
— Енді біздің президенттің саясаты «естуші мемлекет» екенін білесіздер. Қалай болғанда да, тұрғындардың пікірі ескерілетін болады. Бұл бірінші. Жақында қаламызға жаңа әкім – Ерболат Досаев басшы болып келді. Келе салысымен қаланың барлық аудандарын аралады, бізге келгенде дәл осы жерді көрді. Біз аудандағы барлық мәселелерді көрсеттік. Барлық жағдайды қарап шыққан әкім: енді бұл аумақта жаңа құрылыстар салынбауы керек деп тапсырма берді. Қазір сәулет басқармасымен, басқа да қызметтермен бірлесе отырып, бұл аумақты одан әрі дамыту мәселесі қарастырылуда. Ол жақын арада шешілетін болады, - деді Рахымбетов.
Ол әкімдікте жоспар құрылып, тұрғындармен кеңесетініне сендіреді. Адамдар жер иесі оған кез келген құрылыс жүргізуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Жиналғандарға әкім уәде бергенімен, олар талаптарының орындалатынына аса үміт артпайтындықтарын жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық