Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді

cover Фото: ҚР ТЖМ

Түнде Алматының Жетісу ауданында үлкен қойма өртеніп кетті. Өрт тез таралып, оны жою үшін өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жалын қойманың түгін қоймады, сондықтан сөндіру үшін жедел штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру оқпандары нысанның өзіне ғана емес, көрші ғимараттарды қорғауға да берілді. Оқиға орнынан ТЖМ ахуалдық орталығына бейнетрансляция жүргізілді.


Өрт 2:30-да оқшауланып, 3:05-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Көрші ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді.

Кеше ғана Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекеті аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар