Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

cover Фото: Orda.kz

Алматыда Ерболат Досаевтың қатысуымен Желтоқсанға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Салтанатты шара бүгін, 9:30-да басталды. «Тәуелсіздік» монументінің алдына бірінші болып гүл шоғын қала әкімі Ерболат Досаев қойды. Сонымен қатар, мерекелік шарада мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясы мен желтоқсан оқиғасының қатысушылары болды.

Алаңға жиналған желтоқсан көтерілісіне қатысушылар саяси мәртебе талап ететіндігін жеткізді. Олардың айтуынша, желтоқсаншылар мәртебесін ауған соғысының ардагерлерімен теңестіру қажет дейді. 

«Бұл Тоқаевтың екі жыл бұрын айтылған сөзі. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тек сөз жүзінде қалып отыр. Біз желтоқсаншыларға саяси мәртебе беруін талап етеміз. Желтоқсаншылардың көбісі мүгедек, әлеуметтік жағдайы нашар. Сондықтан да біз сол президенттің айтқан сөзімен бүгін алаңға келіп тұрмыз» , – дейді желтоқсаншы Көкен Азат.

                                                                                             

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар