Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов 15 наурыз күні Алматыда әйеліне күш қолданды деген күдікпен полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жанжалдан кейін ол Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Бұған дейін де Рахат Тұрлыханов осындай оқиғаларға қатысты бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жағдайда 10 тәулікке қамауға алынған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында болған отбасылық жанжал туралы хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына барған. Оқиғаға қатысушылар түсініктеме алу үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқанымен, кейін бұл мәліметті жоққа шығарып, отбасылық жанжал фактісі бойынша арыз жазған. Нәтижесінде ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске сала кетейік, танымал әнші бұған дейін де әйелін соққыға жыққан еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар