Алматыда Навальныйды еске алу акциясын ұйымдастырған қыз ұсталды

cover

Алматыда полицейлер «Kazleft» қозғалысының белсендісі Александра Ушакованы ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Тәртіп сақшылары қыздың үйіне келген. Бұл туралы қозғалыс парақшасында хабарланды. Осыдан кейін қыздың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қазір ол Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде. Бойжеткенге заңсыз митинг ұйымдастырды деген айып тағылғаны хабарланды.

Бұған дейін бұл қозғалыс Ресей консулдығы ғимаратының жанында акция жариялаған болатын. Ол барлығын келіп, халықаралық ынтымақтастық нышанын көрсетуге шақырды.

Акция кешкі алтыда Ресей консулдығы ғимаратының жанында өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпанда Ямало-Ненецк округінің Федералдық қылмыстық атқару қызметі департаменті Алексей Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады. Саясаткер өмірінің соңғы жылдарын түрмеде өткізген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар