Алматыда әкесі мен қызын жүк көлігі қағып кетті

cover

Алматы облысында болған жан түршігерлік жол апатында әкесі мен қызы қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқиға орнынан видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада ер адамның балаларымен жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқанында оларды жүк көлігі қағып кеткені бейнеленген. Бұл фактіні полиция растады.

ЕСКЕРТУ! Бейнежазбада зорлық пен қатыгездік көріністері бар. Аталмыш видеоны аяғы ауыр және психикасы әлсіз адамдарға көруге кеңес берілмейді!

Жол-көлік оқиғасы 28 маусымда сағат 14:50 шамасында Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолының бойындағы Жамбыл ауылында, Қарасай ауданында орын алған.

– Zil 431410 жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, 30 шақырым жерде белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жасар бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Үш жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп түсіндірді Алматы облысының полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар