Алматыда КамАЗ мопед жүргізушісін қағып өлтірді

cover

Алматыда 60 жастағы КамАЗ жүргізушісі жас жігіт басқарған мопедпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жас жігіт көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 14 шілдеде сағат 17:00 шамасында Райымбек даңғылында болған. Ауыр жүк көлігі мен мопед жүргізушісінің бір бағытта қозғалғаны белгілі.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі жарақат алды. Ол алған жарақаттарынан жазатайым оқиға орнында қайтыс болды, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін атап өтті. КамАЗ жүргізушісі бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар