Алматыда InDriver такси жүргізушісі әншіге шабуыл жасады

cover

Қазақстандық әнші және актриса Салтанат Құдайбергеноваға такси жүргізушісі шабуыл жасады. Ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында шағымданды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде көліктің кетіп бара жатқанын, содан кейін белгісіз біреу оны тепкілеп жатқаны бейнеленген видео жарияланды. Көлік артынша тоқтап, жүргізуші бойжеткенге балағат сөздер         айтып, кейін оқиға орын алған жерден қашып кетті.

– Алматы қаласында InDriver такси жүргізушісі қазақстандық танымал актриса және әнші @saltanatmusic-ті ұрып, қашып кетті, - делінген бейнежазбаның сипаттамасында.

Полиция оқиғаны растады. Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов бұл факт бойынша іс жүргізіліп жатқанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал орын алған. Такси жүргізушісі анықталды. Оның іс-әрекетіне заңды баға беріледі, - деді Есен Ысқақов.

Салтанат Құдайбергенова «Кенже», «Бикештер» телехикаяларында, «Томирис» фильмінде ойнады. Ол «Арыс жағасында», «Сәлем», «Кең жайлау» және басқа әндердің орындаушысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар