Алматыда Әзірбайжан мен Армения келіссөз жүргізеді

cover Фото: Orda

Ильхам Әлиев АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесу барысында Алматыда Әзірбайжан мен Арменияның келіссөздері басталғанын хабарлады.

Бұл туралы Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армения-Әзірбайжан қарым-қатынастары өткен түнде  Әлиев пен Блинкеннің сөйлескен тақырыптарының бірі болды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері таяуда Алматыда бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты» делінген Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Ереванға сапары кезінде Қазақстанды бейбіт келіссөздер алаңы ретінде пайдалануды ұсынған болатын. Бұл бастаманы бірінші болып Әзірбайжан қолдады. Кейін Армения Тоқаевтың ұсынысын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар