Алматыда 7 жастағы қызды басып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды
Фото: бейнекадрдан үзінді
Алматыда 7 жасар қыздың өліміне себеп болған жүк көлігінің жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 2 сәуір күні Алматы көшелерінің бірінде болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызға автобус жүргізушісі жол бермей, артқа шегінген сәтте бала жүк көлігіне көрінбейтін жерде қалып қойған. Соның салдарынан жүк көлігі абайсызда қыздың үстінен басып өтіп кеткен. Оқиға баланың анасының көз алдында болған.
Сот 66 жастағы жүргізушіні кінәлі деп танып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, қыздың отбасына 5,5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Еске сала кетейік, Алматыда «Қазақтың Робин Гуды» деген лақап атымен танымал «Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сәриевтің соты өтіп жатыр. Тергеу барысында оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваның телефонынан табылған төлемдер Сәриевтің жылдар бойы букмекерлік кеңселерге ақша аударып келгенін дәлелдеді. Кейде тіпті күніне 700 мың теңгеге дейін ақшаны тек құмар ойынға жұмсағаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады