Алматы жануарлар бағында екі қонжық дүниеге келді

cover

Алматы жануарлар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зоопарк қонжықтар есіміне байқау жариялады.

—  Біздің зообағымызда жақында тянь-шаньдық еркек қонжықтар өмірге келгенін жақсы білесіздер. Енді біз осы жаңа туған екі қонжыққа лайықты ат қоюға байқау жариялаймыз. Ұсыныс-пікірлеріңізді осында бөлісіп, жариялаңыздар! - делінген жарияланымда.

Тянь-Шань қоңыр аюы - Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі. Ол салыстырмалы түрде кішкентай: дене ұзындығы 140 см-ге дейін, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар