Алматы облысының Балқаш ауданында ірі өрт шықты

cover

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Сол аумақтағы коттедждер мен балық аулау базарындағы су көлігі өртенді. Күйік шалған бір адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Аралтөбеден бастап Іле өзені бойындағы ондаған шақырым жер өртенді. Қараөзек (Балқаш ауданындағы ауыл) күлге айналды. Сондай- ақ, мыңдаған гектар қамыс пен жануарлар мекендейтін жерлердің өртенгені белгілі болды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева жағдай туралы мәлімет берді.

—  Балық шаруашылығы субъектілері болып табылмайтын: «Сеймар», «Қалдаяқ көлдер жүйесі», «Маяк» және Іле өзенінің «Иір-Майтан көлдер жүйесінде» орналасқан жеке туристік базалардың жану қаупі бар, - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ыбраева.

14 сәуір күні сағат 23:00-де Балқаш маңындағы қорықта болған өрт салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне материалдық залал келтірілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар