Алматы облысында тоғыз блокпост орнатылды

cover

Алматы облысының Көксу ауданында тоғыз блокпост орнатылды.

Ақпарат zakon.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл коронавируспен ауыратындар санының көбеюіне байланысты екенін айтты.

— Ауданда сәуір айында коронавирус ауруы 128 жағдайға дейін өсті, ағымдағы жылдың наурыз айында 85 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% - ды құрады, - деп атап өтті ведомствода.

Ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блокпост орнатылды.

—  Блокпостардың жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Блокпостар аудан аумағында коронавирустық инфекцияны одан әрі таратпау мақсатында қойылды, — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар