Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

cover Фото: elements.envato.com

Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті деп хабарланды.

Orda.kz редакциясына бұл ақпаратты оқырмандар жолдады. Келіп түскен мәліметті қорғаныс министрлігінің әуе қорғанысы күштері растады. 

25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшып жетті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшқыштар – әскери әуе қорғаныс институтының түлектері әрі жоғары санаттағы мамандар.


«Бортта үш экипаж мүшесі болған. Бұл тікұшақ – ең жаңа үлгілердің бірі, EC-145. Тікұшақ радардан жай ғана жоғалып кетті, қазір біз оны іздеп жатырмыз»,  деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Отар маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апат медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар