Алматы облысында 84 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды
Фото: freepik.com
Алматы облысында 84 мың 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысында 400 мың гектарға жуық жердің пайдаланылмай бос жатқаны анықталған. Соның 84 100 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мәліметтерге сүйенсек. 32 мың гектар жер сот шешімімен алынған, қалған 52 мың гектар алқапты жер иесі өз еркімен қайтарып берген көрінеді. Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің көбі Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандары аумағында.
Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асып жатыр.
«Министрліктің қойған жоспарын біз биыл 120%-ке орындадық. Бірақ Алматыға жақын орналасқандықтан, инвестициялық қызығушылық өте жоғары. Соған байланысты облыс әкімі үлкен тапсырма берген. Сол тапсырмаға сәйкес жұмыстарды ары қарай жалғастырып жатырмыз», - дейді облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Болғанбаев.
Жаңалықтар
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды