Алматы облысында 40 жасар теректер түгелдей кесілді

cover

Алматы тұрғындары Қарасай ауданының Шалқар ауылындағы ағаштарды түгелдей кесіп тастаған әкімшілікке наразылық білдірді.

Ақпарат Іnformburo.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл жағдайды түсірген бейненің авторы теректерді не үшін кесіп жатқанын түсінбейтінін айтады.

Қаскелең қаласының әкімі шамамен 40 жастағы сегіз ағаш кесілгенін айтты. Оның айтуынша, олардың барлығы адамдарға қауіп төндірген.

— Ағаштар жол бойына 40 жылдан астам уақыт бұрын отырғызылған. Тұқымы — ақ терек түріне жатады. Ескі ағаштар өте қауіпті. Бір апта бұрын Абай мектебінде тура осындай терек құлаған оқиға болды. Терек өзінен-өзі құлаған. Жақын маңайда ешкім болмағаны жақсы болды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін біз ескі ағаштарды кесіп тастаймыз, – деді Қаскелең әкімі Асқар Мұқашев.

Әкім ағаштарды кесіп тастамаса, көліктерге құлауы мүмкін екенін айтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар