Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды

cover Фото: Көрнекілік үшін

Алматы облысында екі ер адам психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп.

«Алқабилердің үкімі негізінде айыпталушылар кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеу арқылы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды» деп жазылған таратылған хабарламада. 

Қадағалаушы органның мәліметінше, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылған.

Іс материалдарына сәйкес, сотталғандар алдын ала сөз байласу арқылы топ болып әрекет етіп, өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Қылмыстық іс аясында заңсыз айналымнан 20 келіден астам «хлорметкатинон» психотроптық заты тәркіленгені көрсетілген.

Хабарланғандай, бұған дейін 2025 жылғы 15 қаңтардағы сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған болатын. Алайда прокурордың апелляциялық өтініші бойынша бұл үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс қайта қарауға жіберілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар