Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды

cover Фото: Қарасай ауданы әкімдігі

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жастағы Максим Головачевті иттерден арашалаған Серікбек Сақайбаев марапатталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Серікбек Сақайбаев құзырлы органдар келгенше баланы өлім аузынан арашалап қалды. Ауыл тұрғынының бұл ісі елеусіз қалмады. Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, ер адамға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Қарасай ауданы әкімдігі ауылды дүр сілкіндірген бұл жағдайды толық бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, баланы төбеттерден қорғаған Сақайбаевтан иттердің иесі өтемақы талап еткен еді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар