Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді

cover Фото: Orda.kz

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр кентінде орналасқан №351 сайлау учаскесінде Orda.kz тілшісінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді.

Өтеген батыр кентіндегі кезекті №351 учаскеде тілшіміз үшін бірқатар қиындықтар туындады. Комиссия мүшелері бақылаушыларға арналған орындардың толып қалғанын айтып, тілшінің отыруына мүмкіндік бермейтінін түсіндірді. Қосымша орындық сұраған тілшіге де «орындық жоқ» деген жауап берілді.

Сонымен қатар учаске қызметкерлері «орынның жоқ екенін көріп тұрсыз, шығып кетуіңіз керек еді» деп бірнеше рет ескерту жасап, тілшінің жұмысына кедергі келтірген.

Ал комиссия мүшелері дауыс беруге келген тұрғындарды жылы қарсы алып, амандасып, дауыс беруге бағыттап отырды.

Orda.kz тілшісі барған учаскелердің көбінде тұрғындар дауыс беру сәтін суретке түсіріп, оны «фотоесеп үшін» деп әзіл-шыны аралас айтып жатқаны байқалды.

«Біз колледждан келдік. Бізге міндетті түрде фотоға түсіріп жіберу керек», – дейді ауыл тұрғыны.

Бұл учаскенің тағы бір ерекшелігі — 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге келген жастарға арнайы сыйлықтар табысталып жатқаны.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар