Алматы үнді штамына байланысты карантинге жабыла ма?

cover

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарласа, «қызыл» аймақтан бірақ шығамыз деп отыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Маусым айында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарған болатын. Қазір біз «жасыл» аймақтамыз, бірақ жағдай жаман жаққа қарай өзгеріп келеді. БАҚ-та Алматыда үнді штамы табылған айтылған еді. Күн сайын вирустың мутацияланған түрін жұқтырғандар анықталуда. Егер ахуал өршіп кетсе, он медициналық мекемелерді инфекциялық ауруханаларға қайта жабдықтаймыз. Жағдайды бір апта бойы бақылаймыз. Біз «қызыл» аймаққа өтуіміз мүмкін деген болжам бар. Коронавирустың үнді штамының таралуы осыған итермелеуде. Ал бұны тек вакциналау арқылы тоқтатуға болады, - деді Сағынтаев. 

Еске салсақ, алдыңғы күні Алматыда коронавирус инфекциясының мутацияланған үнді штамы табылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар