Алматы қаласында «Желтоқсан - 86» саябағы пайда болды

cover

Алматы әкімдігі мәслихатпен бірлесіп Түрксіб ауданының «Жас қанат» шағын ауданындағы саябаққа атау беру туралы қаулы мен шешімнің жобасын дайындады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

—  Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Жас қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ паркке «Желтоқсан - 86» атауы берілсін, - делінген құжатта.

Түрксіб ауданының әкіміне, «Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасы», «Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы», «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бірлескен қаулыны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

 —  Алматы қаласы Мәслихаты аппараты осы бірлескен қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейін ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет - ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін, - делінген қаулыда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар