Әлия Назарбаева Нұрлан Бимурзинге қарсы арыз берді: сот отырысы Астанада өтеді

cover Orda.kz

28 мамырда Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Бимурзинге қатысты іс бойынша сот отырысы өтеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі «Жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу» бойынша іс қаралады. Сот отырысы онлайн бейнеконференция арқылы өтеді.

Әлия Назарбаева Бимурзинге қарсы арыз жазды. Оған себеп – Әлия Назарбаеваның «TPK Asia» мекемесін рейдерлікпен басып алуына қатысты Бас прокуратураға бұрын берген арызы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар