«Әлиев Путинді қорқытты»: Әзірбайжан Украинаға көмек ретінде қомақты қаражат жібереді
Фото: Minval
Ильхам Әлиев Украинаға көмек ретінде 2 миллион доллар қаражат бөлуді бұйырды. Ақша электр жабдықтарына жұмсалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бөлінген қаражат Әзірбайжан өндірісінің электротехникалық жабдықтарын Украинаға жеткізу үшін энергетика министрлігінің қарамағына түседі.
Әзірбайжан бұған дейін SOCAR шабуылдарына байланысты Украинаға қару-жарақ жеткіземін деп Ресейді қорқытқан еді. Әзірбайжан билігі SOCAR мемлекеттік компаниясының нысандарына ресейлік шабуылдар жалғаса берсе, түпкілікті шешім қабылданатынын ескерткен.
10 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар Ресей шабуылана ұшыраған SOCAR нысандары мен Әзірбайжан газын Украинаға тасымалдайтын газ компрессорлық станциясының жағдайын талқылады.
Зеленский Ресейдің шабуылын Украина мен оның еуропалық серіктестерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін энергетикалық жолдарды бұғаттау әрекеті деп атады. Екі көшбасшы да энергетикадағы ынтымақтастық кез келген жағдайда жалғасатынын атап өтті.
Айта кетейік, Әзірбайжан AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына байланысты Ресейге қарсы халықаралық соттарға жүгіну үшін құжат әзірлеп жатыр.
Жаңалықтар
- Меркель құралақан қалды, Мерц қайтадан ХДО партиясы төрағасы болып сайланды
- Бозжыра шатқалы әлемдегі ең көрікті шөлдердің ондығына енді
- ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасы болып Дархан Молдаханов тағайындалды
- Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
- Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
- Голан төбесіндегі қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
- Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
- World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды
- Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді
- Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды
- Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті
- Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты