Әлемдегі ең қарт адам 114 жастан кейін қайтыс болды

cover Фото: AP

Әлемдегі ең қарт адам саналған Венесуэла тұрғыны Хуан Висенте Перес Мора 115 жасында дүниеден өтті.

Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро мәлімдеді.

El Nacional газетінің хабарлауынша, Перес Мора 115 жасқа толар алдында тыныс алудың асқынуынан қайтыс болды. 2022 жылдың 4 ақпанында ол 112 жаста әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Перес Мораның айтуынша, оның ұзақ өмір сүруіне тұрақты жұмыс, дұрыс демалу, ерте ұйықтау және күнделікті бір стақан бренди себеп болған. Сондай-ақ газет оның салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, намаз оқып, су ішіп, ерте ұйықтайтынын атап өтті.

Әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Хуан Висенте Перес Мора 114 жасында қайтыс болды.

«Мен оның отбасы мен Эль-Кобре қаласының барлық тұрғындарына көңіл айтамын» деп жазды президент Мадуро.

Хуан Висенте Перес Мора қайтыс болғаннан кейін ең қарт адам 1911 жылы дүниеге келген жапондық Гисабуро Сонобе болды. Қазір ол 112 жаста.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар