Алексей Цой коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

cover

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы бір апта ішінде 39 пайызға өскенін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Алексей Цой Қазақстан Республикасының қызыл аймақта екенін айтты. Сондай-ақ, еліміздегі облыстардың қандай аймақта тұрғандарын еске салды.

– Қазақстан Республикасы «қызыл» аймақта 26 маусымнан бастап тұр. Қызыл аймақта бес өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды ​​облыстары. Қалған аймақтар «сары» және «жасыл» аймақта», - деді Цой.

Оның айтуынша, соңғы аптада коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайының 39 пайызға өскені байқалады.

Еске салайық, өткен тәулікте (28 маусымдағы жағдай бойынша) Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1321 жаңа жағдайы тіркелген. Жалпы республика бойынша 421 121 жағдай расталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар