Қалқаман ауруханасы: Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы нашар

cover Сурет Азаттық сайтынан алынды

24 желтоқсанда Алматыда №1 Қалқаман ауруханасының он шақты қызметкері өз наразылықтарын білдіріп, мекеме алдында жиналды. Аурухана қызметкерлеріне КВИ жұқтырғандарды емдегендерге төленуі керек үстемақылары қазан айында тоқтап қалған. Дәрігерлер осы үстемақыны қалпына келтіруді талап етіп отыр. Бұл туралы ORDA. Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазан айынан бері КВИ төлемін алмадық. Біз коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істейміз. Екінші категорияға кіреміз. Бізде пульмонологиялық орталық бар. Бізге науқастар келеді. Оларды "фильтрге" жатқызамыз. Анализдерін аламыз. Екі-үш күн жатады. Коронавирус тесті оң шықса, инфекциялық ауруханаларға ауыстырамыз. Бірақ неге екені белгісіз, бүкіл қалада сондай қызмет көрсететін дәрігерлерге төленеді де, Қалқаманда төленбейді. Аурухана әкімшілігі бізге әкімдікке хат жібердік деп айтты. Оларға өкпеміз жоқ. Жоғары жақтағылардан осы мәселені дұрыстап қарап, шешуді талап етеміз», - деді зертхана қызметкері Қарлығаш Исабекова.

Шағымданушылардың сөзіне сүйенсек, олар 60-70 мың теңге жалақы алады және олардың әлеуметтік жағдайы нашар.

Аурухана басшылығы өз қызметкерлеріне «мәселе алдағы уақытта шешілуі тиіс» деген.

Ресми мәліметке сүйенсек, пандемия кезінде 13 мың медицина қызметкері індет жұқтырып, салдарынан 200-і көз жұмған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар