Ақтөбеде жаппай төбелес болды

cover Фото: pixabay

Ақтөбеде жас жігіттер оқ атып, пышақ қолданған төбелес болды. Қақтығыстың бір қатысушысы қаза тауып, бірнешеуі жараланды.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 18 бен 22 жас аралығындағы бірнеше жігіт оқ пен пышақ жарақатын алған. Олар бүгін таңертең ауруханаға жеткізілді. Біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Бұл қылмысқа қатысты төрт күдікті анықталып, ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп түсіндірді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

«Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар