Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ жарылды. Бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға бүгін, 4 маусым күні Ақтөбе қаласы Абай даңғылы бойындағы бес қабатты үйде болды. Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, үйдің 4-қабатында газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Салдарынан өрт шықты және жарылыс үйдің екі қабатын бөліп тұрған еденді құлатқан. ТЖД-ның мәліметінше, ҚК-тің 292 бабы 2 тармағы бойынша іс қозғалды.
Оқиға куәгерлері желіге бейне жүктеді. Бейнеде желі қолданушысы жарылыс кезінде ер адамның ұшып түскенін, тұрғындар жанып жатқан ер адамды сумен сөндіргенін айтады.
Өрт толығымен сөндірілді. Ақтөбе облысының ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқановтың айтуынша, көпқабатты үйдің 4 және 5-қабаттары өртеніп, 3 пен 4-қабат арасындағы еден опырылған. 73 адам эвакуацияланды. 5-қабатта қалған бір адам құтқарылды.


Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның штабы құрылды. Айнала қоршауға алынған. Жарылыс болған аймақта 4 жедел жәрдем бригадасы тұр.
«Өртке қатысты қоңырау сағат 18:33-те келіп түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы 7 минутта жетті. 103 қызметі келгенге дейін ер адамның көз жұмғаны анықталды», - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев.
Оқиғаның себептері анықталуда.


Айта кетейік, бүгін БҚО-да 5 бала газдан уланып көз жұмды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды