Ақтөбеде танымал дәрігерді аяусыз өлтірген әріптесі 20 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде 69 жастағы белгілі нефролог дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Дәрігердің 31 жастағы әріптесі Нұрсұлтан Шаймерденов кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

Бүгін аса ауыр іске үкім оқылды.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша 16 жыл, 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 4 жыл 8 ай, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. А. Айсағалиевтің атынан берілген азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылсын. Сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовтен 2 837 321 теңге, заңды өкілінің шығыны ретінде 3 млн теңге, моральдық шығын 10 млн теңге өндірілсін», — деді судья Жәнібек Сейтжапаров.
Сонымен қатар, сот заттай айғақтарды марқұмның туысы Айсағалиевтің иелігіне беру міндеттелді. 4 480 050 теңге, 50 еуро, сағат, алтын бұйымдар туысына беріледі. Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Жәбірленуші мен айыпталушы қаладағы жеке емхананың бірінде бірнеше жыл қатар жұмыс істеген. Шаймерденов дәрігердің жалғыз тұратынын және банк шотында қомақты қаражат барын біліп жүрген.
Қылмыстық оқиға 24 мамыр күні болды. Айыпталушы оны бірнеше рет пышақтап, балтамен ұрған. Нәтижесінде дәрігер кеуде жарақатынан, өкпе мен жүрекке түскен соққыдан қан кетіп көз жұмған.
Қылмыс жасағаннан кейін мейіргер марқұмның денесін мұздатқышқа жасырған, ал үйінен банк картасын, телефондарын, ноутбук пен планшетін ұрлап кеткен.
Кейін Pinduoduo сайтынан сатып алған силикон маскасын киіп, дәрігердің атына тіркелген банк есепшоттарынан 5 268 000 теңге алған.
Ол ұрланған мұздатқышты жүк көлігімен гаражға және кейін жертөлеге тасымалдағаны туралы жаздық. Тасымалдаушылар мұздатқыштың ішінде не бар екенін білмеген, себебі айыпталушы оны скотчпен мықтап орап тастаған. 30 мамыр күні дәрігердің денесі табылды. Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындады. Өткен сот отырысында прокурордың жарыссөзде сотталушыға 20 жыл сұрағаны жайлы жазан едік.
Үкімнен кейін туысқаны БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Марқұмның туыстары үкіммен келісетіндерін айтты.
«Бүгін марқұм анамның кіші інісі Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Әрине, одан да көп жаза бергенін қаладық. Бұл да жетер деп ойлаймыз. Ол нағашы ағамның осы жасын ұрлады. Ең қиыны, сол кезде біз Алматы қаласында болдық. Дереу жолға шығып, 48 сағат жүрдік. Сол уақытта біз уайымға салынып, не болғанын білмей жүрдік. Ақтөбеге келгенде өлтіріп, мұздатқышқа салып, үйінен алып кеткенін білдік. Біз адам сияқты қоштаса алмадық, жерлей алмадық. Тек мәйітханадан әкеліп, аулада намазын оқып, жерледік. Жарты жыл бойы осы ауыртпалықпен жүрдік. Біз бір туған емеспіз, бірақ ол маған ағамдай, әкемдей адам, балаларыма ата болды. Ол әкемнің де, атамның да орнын басты. Жоспарымыз көп еді. Мүгедектік рәсімдеп, мүлкінің бәрін сатып, Астанаға көшуді мақсат етті. Ал оны аса жауыздықпен өлтірді», — деді марқұмның жиені Айбек Қауанов.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ