Ақтөбеде қызғалдақ жұлынған далада «көшпелі» сот өтеді
Фото: Instagram/ problema.aktobe
Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түсіп, басы дауға қалған әкімнің ісіне әлі нақты шешім шықпады. Ботаникалық сараптама суреттен қызғалдақтың сирек кездесетін түрі не басқа екенін анықтай алған жоқ. Келесі сот отырысы қызғалдақ өскен далада болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе сотында қызғалдақпен түскен суретін әлеуметтік желісіне салған Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр.
Іс Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Ауыл әкімі ҚР Әкімшілік заң бұзушылық істелді деп айыпталды. Кәмелет кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша, «кәмелеттік жасқа толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау», яғни бала тәрбиесін атқармады деп кінә тағылды.
Судья Айпатша Мусина бүгін әкімшілік іс бойынша ботаникалық сараптама қорытындысын жариялады.
«Фотосуреттен терген қызғалдақтың сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген өсімдіктердің түріне қатыстылығы анықталмаған. Хаттама толтырған лауазымды тұлға нақты оқиға болған жерді анықтамағандықтан көшпелі сот отырысы кейінге қалдырылады», — деді судья.
Еске салайық, осыған дейін қызғалдақпен суретке түскен Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаева желіге фото жариялады. Оған қатысты 2025 жылдың 25 сәуірінде полиция ӘҚБтК-тің 127-бабы 1-бөлігімен іс қозғады, әкімшілік хаттама толтырды.
Балаға тәрбие беру міндетін дұрыс атқармауға қатысты айыпты Бердібаева мойындаған жоқ.
Кейін сот қызғалдақтардың түрін анықтау үшін арнаулы сараптама тағайындауды ұйғарды. Ботаникалық сараптама суретке қарап, нақты шешім айта алмады. Сол себепті судья сот отырысын далада өткізу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, осыған дейін полиция «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлуға қатысты заттай айғақтардың болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмайтыны туралы айтқан еді. Бүгінгі сотта полицияның оқиға болған жерде анықтау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды.
Айта кетейік, Ақтөбеде жұлынған қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімі алдынғы өткен сот отырысында жылап жіберген еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады