Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
Фото: Orda.kz
Еліміздегі ұшақтарды жөндеумен айналысатын авиажөндеу зауытының маңызды қосалқы бөлшектері жылдар бойы талан-таражға түскен. Ақтөбедегі №2 қалалық соты абақтыда жазасын өтеп жатқан «Авиация жөндеу №406 ГА» зауытының орта арнаулы білімі бар экс-президенті Геннадий Мезенцевті тағы да сот залына әкелді.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып қайтты.
Аудит тексерісі экс-президент басшылық еткен 4 жылдағы шығын 110 млн теңге екенін анықтады.

Тергеушілер Мезенцевтің екінші ісін де сотқа жолдады. Бүгін экс-президенттен сотта жауап алынды. Геннадий Мезенцев ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабымен айыпталды. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады.
«Айыптаумен, сараптамамен келіспеймін. Сараптама қорытындысын қарадым. Сарапшы мен авиация маманының жазғаны екі түрлі. Мен оны көрсетіп, дәлелдей аламын. Менің міндетіме менеджмент кірді. Уақтылы бұйрық шығарып, оның іске асырылуын қамтамасыз ету кірді», — деді Мезенцев.

Сотталушы «Авиасервис Актобе» ЖШС, «Батий Н.Р» ЖК, «Катаева Е.Ф.» ЖК зауыт аумағынан жалға орын алғанын растады. «Авиасервис Актобе» ЖШС 2013 жылдан, «Батий Н.Р» ЖК 2016 жылдан зауытпен келісімшартпен жұмыс істейді.
Сотталушы Геннадий Мезенцев 56 жаста. Білімі – орта арнаулы. Ақтөбе қаласында тұрады. Іс материалдарына сүйенсек, 2017-2021 жылдары Мезенцев авиажөндеу зауытының президенті қызметін атқарған. Сол кезде барлық материалдық-тауарлық құндылықты, қаржыны басқара алған. Барлық құжатқа қол қою мүмкіндігі болды. Ол қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін АН-ұшағына, МИ-2 тікұшағына қажетті қосалқы бөлшектерге, ГТД-350, АШ62ИР қозғалтқыштарына тапсырыс беріп, оларды қолданыстан шығарған.

Айыптау актісінде Мезенцев табыс табу мақсатында «Батий Н.Р» ЖК ұшу аппаратын жөндеу келісімшартын жасаған. «Батий Н.Р» ЖК-нің басшысы – оның азаматтық әйелі Батий Н.Р. Ал «Авиасервис Актобе» ЖШС басшысы О.Цитцер – оның жақын танысы.
Сотта Мезенцев аппаратты жөндеу бағасын белгіледі, сол кезде жөндеу кезінде қажет болмаған қосалқы бөлшектерге тапсырыс берген. 2018-2021 жылдар аралығында Мезенцев қосалқы бөлшектерді сатып алып, негізсіз есептен шығарып отырған деп айыпталды.

2018-2021 жылдары аралығында акционерлік қоғам «Авиасервис Актобе» ЖШС, «Батий Н.Р» ЖК, «АвиаТрейд» Катаева Е.Ф. ЖК, «Ковалева В.С» ЖК және өзге тапсырыс берушілер мен тасымалдаушылар қатысқан. Негізгісі – «Авиасервис Актобе» ЖШС және «Батий Н.Р» ЖК. Сотта осы компаниялар арасындағы келісімшарт арқылы қосалқы бөлшектер негізсіз есептен шығарылып, 110 918 829 теңгеге шығын келгені айтылды.
Авиажөндеу зауыты жеке адамның қолында
Ақтөбедегі 86 жылдық тарихы бар авиажөндеу зауыты бүгінде жекеменшікке өтіп кеткен. Зауыт 2002 жылға дейін мемлекет меншігінде, әкімдік балансында болған. Бұл туралы сотта куә ретінде сөйлеген зауыттың бұрынғы президенті Қуандық Қадырбаев мәлімдеді. Ол зауытты басқаруға үш рет шақырылғанын айтты. Атақты олигарх Машкевичтің кезінде барғанын атап өтті.
Қадырбаев үш кезеңде – 1999–2002, 2002–2008, 2021–2022 жылдары басқарған. Зауытта Орталық Азия авиациялық өнеркәсіп қауымдастығы (ЦААПА) өкілі болған.
«Зауыт 2002 жылға дейін коммуналдық кәсіпорын болды. Кейін шетелде тіркелген шетелдік компания иелік етті. Андреев ағалы-інілі болды. Сергей Андреев бірінші акционер болды. Компания «Тройка Лтд» деп аталды. Ағасы Александр Евгеневич Мәскеуде тұрды. 2002 жылы ERG акционер болғанда, олар Орталық Азия авиациялық өнеркәсіп қауымдастығына құрылтайшы болуды тапсырды», — деді Қадырбаев.
Тарихи зауыт 1939 жылы құрылған. АН-2 ұшағы мен МИ-2 тікұшағына күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Қазақстанда, ТМД мен алыс шетелде танымал.
2002 жылдан кейін жекенің қолына өтіп, атақты олигархтардың иелігіне өтті. 2022 жылы Ақтөбе облысының экс-әкімі Оңдасын Оразалин зауытқа барып, кәсіпорын толық қуатында болмағанын айтқан.
Айта кетейік, экс-президент Геннадий Мезенцев абақтыда отыр. Ол 2024 жылдың 19 маусымында ҚК-тің тиісті бабы бойынша сотталды. 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2018-2020 жылдардағы талан-тараж болған мүліктерді анықтаған тергеу шығыны – 5 194 550 теңге. Қазіргі уақытта 2018-2021 жылдардағы, яғни Мезенцев басшылық еткен барлық уақыттағы зауыт мүлкі түгенделіп жатыр. Сол жылдар аралығында «Авиасервис Актобе» ЖШС және «Батий Н.Р» ЖК 1 679 858 077 теңгенің келісімшарты жасалған, ал қосалқы бөлшектер негізсіз есептен шығарылып, 110 918 829 теңгеге шығын келген.
Әрі қарайғы сот барысы назарымызда болады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды
- Тоқаев ҰҚК-ға жаңа өкілеттік берді
- Эскорт, жезөкшелер үйі және бала саудасы: ІІМ адам саудасының заңсыз нарығын әшкереледі
- OpenAI ЖИ-ді жаңартты: Енді GPT‑5.2 нұсқасы жауап бергенде жаңылмайды
- Әлем чемпионатының кубогы Алматыға келеді
- Алматыда уланған адамдардың жағдайы белгілі болды
- Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды
- Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
- Қазақстандық азамат Германиядағы банк шоттарын бұзды деген күдікпен ұсталды
- Алматыда 52 адам табиғи газдан уланып қалды