Ақтөбеде 16 жастағы баланың денесі үш күннен бері табылмай жатыр
Фото: Elements.envato.com
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында суға батып кеткен жасөспірімді іздестіру жұмыстары үшін су асты дроны іске қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 5 маусым күні Мамыр ауылында болды. Жасөспірім көктемгі су тасқынынан кейін жиналған суға батып кеткені туралы хабар сағат 16:10 шамасында түскен.
Оқиға орнына құтқарушылар мен техника дереу жіберілді. Іздестіру жұмыстарына жалпы 42 адам тартылған. Олардың қатарында ТЖД-дан 12 маман, оның ішінде 7 адам – жедел-құтқару жасағынан, 5 адам – Ырғыз аудандық ТЖБ-дан, сондай-ақ ЖАО-дан 5 қызметкер, 5 полиция қызметкері және 20 ерікті бар. Іздеуге су асты дронын да қосқан.
Ақтөбе облыстық ТЖД іздеу барысын растады. Ведомствоның мәліметінше, күшті жел, лай су және өзен ағысы жұмысты қиындатып отыр.
«Құтқару бөлімінен 5 адам, 1 техника, 20 ерікті тартылды. Қазір сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Ырғыз ауданының әкімдігі.
ТЖД тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады.
Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды