Ақтауға Embraer өндірушісі мен Бразилияның CENIPA орталығының мамандары келеді
Фото: CENIPA
Оқиға орнында Әзірбайжанның авиациялық билік өкілдері мен AzAl авиакомпаниясының өкілдері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Ақтаудағы әуе апатын тергеу үшін министрліктің өзінде комиссия құрылды. Бұл «Азаматтық және тәжірибелік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы мәліметтерді беру және тергеу ережелеріне» сәйкес қажет екені айтылды.
«Көлік саласындағы оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына келіп, тергеудің даладағы кезеңін жүргізуде», деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, Ақтауға Әзірбайжанның азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі мен Azerbaijan Airlines авиакомпаниясы өкілдері де жетті.
«Қазақстанға ұшақ өндірушісі Embraer және Бразилияның әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының (CENIPA) өкілдері де ұшып келеді», — деп қосып өтті көлік министрлігі.
Кеше Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия жұмыс істей бастады. Оның мүшелері оқиға орнында болып, кейін зардап шеккендермен кездесті.
25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып шыққан Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының Embraer-190 ұшағы Ақтауда апатқа ұшырады. Әуе апатында 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?