Ақтаудағы төтенше жағдай: сәби құшақтаған әйел бортта бомба бар деп хабарлады
Төтенше жағдай Ақтау әуежайында болды, қолында нәрестесі бар жолаушы бортта бомба бар деп жұрттың зәресін ұшырды. Оқиғаны көліктегі полиция департаменті растады, деп хабарлайды Orda.kz порталы Lada.kz сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, оқиға бортында 200-ге жуық жолаушы болған Scat әуе компаниясының Ақтау-Шымкент рейсінде болған.
Белгілі болған ақпаратқа қарағанда Ақтау әуежайында бортқа отырғаннан кейін сәбиімен бірге ұшқан 1998 жылы туған жолаушы ұшақтағы жарылғыш зат туралы мәлімдеген.
Осыдан кейін барлық адамдарды, соның ішінде экипаж да шұғыл жерге түсірілді, ал әуе кемесін мамандар бес сағаттан астам тексерді. Оқиға орнына арнайы қызметтер келді. Нәтижесінде ештеңе табылған жоқ.
Жолаушылар бұл әйелде эмоциялық бұзылу болуы мүмкін деп есептейді, сол себепті ол не айтып, не қойғанын білмесе керек. Әйелді құқық қорғау органдары ұстағаны бегілі болды.
Көліктегі ПД фактіні растады. Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жалғасуда. Басқа мәлімет ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
ҚР ҚК 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза беріледі.
23 тамызда сағат 10: 25-ке жоспарланған Fly Arystan авиакомпаниясының Қарағандыдан Анталияға ұшатын рейсі уақытында ұшып кете алмады. Кідіріс 12 сағаттан астам уақытқа созылды, ал 200-ге жуық жолаушы әлі де әуежайда күтіп отыр.
Жаңалықтар
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады
- Иранда жоғарғы көшбасшы бойынша консенсус жарияланды