Ақтаудағы апат құрбандарының бірі науқас қызын көруге асыққан

cover Фото: modern.az

Ақтаудағы Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі ұшақта болған әуе апатында қайтыс болған жолаушылардың бірі науқас қызына ұшып бара жатқан, деп хабарлайды Orda.kz. 

media.az мәліметінше, Ақтау маңындағы әуе апатынан қаза тапқандардың бірі Әзірбайжан мемлекеті Балакен ауданының Мешешамбул ауылында туған Малейка Ангубазова. 

Қаза тапқан әйелдің туысы оның ұлы мен қызы бар екенін айтты.

«Малейка қызына ұшқан еді, ол Грозныйда тұрады. Қызы ауырып жатқандықтан, оны көріп қайтуды жоспарлаған», – деп атап өтті туысы. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар