Ақтауда жүргізушілер жанармайдың жоқтығына наразы

cover Фото: Lada.kz

Ақтауда жүргізушілер жанармай құю бекеттеріндегі жанармайдың жоқтығына наразы, деп хабарлайды Orda.kz порталы Lada.kz сілтей отырып.

Жергілікті жанар-жағармай құю бекеттерінде көгілдір отынның жоқтығына көлік иелері тағы наразы болып жатыр.

10 жанар-жағармай құю бекетінің үшеуі ғана жұмыс істеп, ұзын-сонар кезек пайда болған.

Қараша айының соңында облыс әкімдігі газ тапшылығын жою үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Ай сайын Маңғыстау облысына 18 мың тонна газ жеткізіледі. Оның 16 мың тоннасы Жаңаөзендегі «ҚазГӨЗ» мұнай өңдеу зауытынан, тағы 2 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытынан келеді.

Алайда, 2024 жылдың 4-тоқсанына қазан, қараша, желтоқсан айларына 17 мың тонна бөлінді, сондықтан жанармай құю бекеттерінде тапшылық туындап, жанар-жағармай қосымша көлемін бөлу мәселесін шешу шаралары қолға алынған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар