Ақтауда «МұнайСпецСнаб Компани» жұмыскерлері ереуілге шықты
Фото: Freepik
Ақтауда «МұнайСпецСнаб Компани» жұмыскерлері еңбек құқығының тапталуына байланысты ереуілге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
28 қазан күні олар ерікті түрде жұмыстарын тоқтатып, істемей қойған.
«Біз, «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС жұмысшылары, еңбек құқықтарымыздың бұзылуына және әлеуметтік әділетсіздікке алаңдаймыз. Талаптарымыздың орындалмауына байланысты біз 2025 жылғы 28 қазанға қараған түннен бастап жұмысты тоқтаттық. Біздің талаптарымыз – әділеттілік пен жұмыскер құқығының қорғалуы, сондай-ақ басшылықтың біздің үнімізге құлақ асуы», — деді бейнероликте олар.
Жұмыскерлердің сөзінше, жалақы көтерілмеген, Конституция күніне сыйақы да берілмеген.
Еске сала кетейік, 27 қазанда Алматы қаласы әкімдігіне Бостандық ауданының ондаған тұрғыны жиналды. Олар әлі ашылмаған №224 жаңа мектептің қазақ тілінде білім беруін талап етті. Жаңа мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. 2500 оқушыға арналған бұл мектеп — қаладағы ең ірі әрі заманауи нысандардың бірі. Алайда мектептің есігі ашылмай жатып-ақ оның оқыту тілі ата-аналар арасында қызу талқылауға түсті.
Жаңалықтар
- Тимур Құлыбаев мұнай компаниясын әлі сатпады
- Атақты кондитердің 600 мыңға бағалаған тортына қатысты сот үкімі шықты
- Ақтауда «МұнайСпецСнаб Компани» жұмыскерлері ереуілге шықты
- Таразда қыз ұрлаған үш күдікті ұсталды
- Атырау облысында түйе көшеде жүрген жасөспірімді таптап өтті
- Тоқаев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады
- «Бас сүйегін тапқан»: Атырауда Яна Легкодимованың ісі бойынша сот өтіп жатыр
- Шымкентте «Назира Голд» ісіне сот үкімі шықты: халықты алдап, 16 млрд теңге жымқырғандар сотталды
- «Шетелдіктер үшін аралас бола ма?»: Алматыдағы 224-мектепті ана тілінде ашуды талап еткендер әкімдікпен мәмілеге келе алмады
- АҚШ-тан Алматыға есірткі тасыған ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері анықталды
- Прокурор Хасан Қасымбаевқа 15 жыл сұрады
- Трамптың арнайы өкілі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келді
- Қырғызстанда бірнеше БАҚ экстремист деп танылды
- Түркістан облысында екі шенеунік ұсталды
- Депутат Абзал Құспан қызын ұзатты
- Ақтөбеде құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандарға үкім шықты
- «8 жыл күткен»: Алматыда донор болған марқұм әйел 6 адамның өмірін сақтап қалды
- Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылды
- Сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда байқалды
- Ресейлік Akmal есімді әншінің Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды