Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқыштары белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ұшқыштарының бірі Баку еуропалық лицейінің түлегі Александр Калянинов болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ капитандары Игорь Кшнякин мен Александр Калянинов.
Oxu.Az мәліметінше, Александр Калянинов Баку еуропалық лицейінің түлегі. Балалық арманын ұшқыш ретінде жүзеге асырған лицейдің ең жарқын түлектерінің бірі болғандығы атап өтілді. Калянинов оқып жүрген кезде Түркиядан алғыс хат жіберілгені де айтылды.
«Біз оны ақылды, білімді және батыл адам ретінде білдік. Ұшып бара жатқан ұшақ дыбысын естіген сайын Александрды еске аламыз. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз» делінген мекеменің мәлімдемесінде
Апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағының капитаны Игорь Кшнякин әуеде 15 мың сағаттан астам ұшты, оның 11,2 мыңға жуығы капитан лауазымында. Бұл туралы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Апатқа ұшыраған ұшақта екі ұшқыш қаза тауып, үш экипаж қызметкері тірі қалды.
Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ Ақтау қаласына құлады. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 жолаушы , оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Жаңалықтар
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді