Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ экипажына «Ұлт батыры» атағы берілді
Фото: видеодан кадр
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Embraer-190 жолаушылар ұшағының апаты кезінде жоғары кәсібилік пен батылдық танытқан азаматтарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Caliber.az ақпараты бойынша Баку–Грозный рейсінде болған қайғылы оқиға ел тарихында батырлық пен бірліктің көрінісі ретінде есте қалмақ.
Әзірбайжан басшысының жарлығына сәйкес, Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Хёкюма Алиеваға қайтыс болғаннан кейін «Ұлт батыры» атағы берілді. Бұл атақ елдің ең жоғары мемлекеттік марапаты және ерекше ерліктер мен жанқиярлық әрекеттер үшін беріледі.
Сонымен бірге, Зульфугар Асадов пен Айдан Рагимли бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды. Бұл марапат азаматтардың қызметі мен ерлігін мойындаудың жоғары деңгейі ретінде танылды.
25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының Embraer-190 ұшағы Баку–Грозный рейсін орындау барысында Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.
Алғашқы тергеу болжамдарына сәйкес, апаттың негізгі себептері ретінде қалың тұман, техникалық ақаулар және ұшақтың бағытына әсер еткен әуе қорғанысы операциялары аталды. Айта кетсек, оқиға кезінде ресейлік әуе қорғаныс жүйелері украиналық дрон шабуылдарын қайтару жұмыстарын жүргізіп жатқан еді.
Ильхам Әлиев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, апаттан аман қалғандарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысы ұшқыштар мен экипаж мүшелерінің кәсібилігін ерекше атап өтіп, олардың соңғы сәтке дейін өз міндеттерін адал орындағанын айтты.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп